Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Армения, Молдавия өкілдері өз елдерінде қолданылатын баға белгілеу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Іс-шараға Түркия сарапшылары да қатысты.
Тәжірибе алмасу Алматыда өткен ТМД елдерінің құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі комиссияның отырысы халықаралық іс-шара аясында өтті.
Халықаралық іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің басшылығымен өтті және Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен («ҚазҚСҒЗИ»АҚ) ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Беларусь құрылыстағы сметалық бағаларды айқындау кезінде ресурстық әдіспен басшылыққа алынады, бұл құрылыс материалдарына ағымдағы нарықтық бағаларды ескере отырып сметаларды қалыптастыруды білдіреді. Қазақстанда баға белгілеудің ресурстық әдісі 2015 жылы қолданысқа енгізілді.
Өз кезегінде, Ресей өкілдері құрылыстағы ресурстық әдісті қолдануға ауысуды 2022 жылдан кейін жүзеге асыру жоспарланғанын айтты.
Халықаралық іс-шара аясында комиссия төрағасы, РҒТО (Беларусь) директоры Геннадий Пурстың 2018 жылғы комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндамалары ұсынылды, Рәбиға Бисенова, ҚІК ТКШ жанындағы құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы ҚР баға белгілеу жүйесіндегі даму жолдары мен қол жеткізілген нәтижелер туралы айтты. ҚазҒЗИ нормативтерін әзірлеу орталығының Директоры Арман Хасен посткеңестік кеңістік елдерінің баға белгілеу жүйесіне талдау жасап, шолу жасады (1991 -2018). Өз кезегінде, Түркия қоршаған орта және қала құрылысы министрлігінің Жоғары ғылыми кеңесінің мүшесі Хусейн Челик, Түркия құрылысындағы баға белгілеудің таныстырылымына шолу жасады.
Сондай-ақ ТМД елдерінің құрылыс ресурстарын кодтау жүйелерін үйлестіру, құрылыстағы ақпараттық үлгілеу технологияларында баға белгілеу, сондай-ақ BIM-модельдердің сметалық аудиті мәселелері талқыланды.