Жасалуы тарихы

«Сараптамалық ұйымдар палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың кәсіби бірлестігін (СҰП) үш сараптамалық ұйым құрды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама 11.02.2016 ж.)

Қазақстан Республикасының «Сараптама ұйымдарының палатасы» аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіптік бірлестігі мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын кемінде үш аккредиттелген сараптама ұйымы бар заңды тұлғалар құратын бірыңғай, коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылады.

Палата өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ішкі Жарғыға, сондай-ақ оған сәйкес қабылданған ішкі құжаттарға және палатаның басқару органдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Мақсат

Палатаның мақсаты-Қазақстан Республикасындағы құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметті шоғырландыру және одан әрі дамыту, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуде сараптамалық ұйымдардың кәсіби өсуін арттыру үшін институционалдық базаны қалыптастыру.