2019 жылғы 24 мамырда Нұр-сұлтан қаласында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ «Нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып, 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау»тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарға «Сараптамалық ұйымдар палатасы» АСҰКБ мүшелелері — аккредиттелген сараптама ұйымдарының сарапшылары – мамандары қатысты.. Семинарда нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып, 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау мәселелері қаралды, олар бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы баға белгілеу Орталығының директоры А. А. Хасен және орталықтың жетекші мамандары сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар сметалық құжаттаманы сараптау және тексеру бойынша «ҚР СМЕТАСЫ» бағдарламасының қолданылуымен танысты, оны «ҚР СМЕТАСЫ» ЖШС коммерциялық директоры А. Т. Тұрлыбек ұсынды.
АВС-2019 бағдарламалық өнімдеріндегі жаңалықтар туралы семинарға қатысушыларды АВС — 4 бағдарламасын әзірлеуші, «АВС – Н» НПП ЖШҚ директоры (Новосибирск қ., Ресей) В. А. Изатов хабардар етті.
Семинарға қатысушылар туындаған сұрақтарға толық жауап алып, пікір алмасты. Семинардың барлық қатысушыларына біліктілікті арттыру туралы сертификаттар берілді.