СҰП мүшелігіне міндетті шарт аккредитацияның болуы болып табылады.

СҰП мүшелігіне кіру аккредиттелген сараптама ұйымдарының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Өтініште «Сараптама ұйымдарының палатасы» аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігінің мүшелігі туралы Ережеге №1 қосымшаға сәйкес мынадай ақпарат болуы тиіс:
– заңды тұлғаның толық атауы;
– заңды және пошталық мекен-жайы, Байланыс телефондары, эл. пошта;
– банктік деректемелер;
– СҰП Жарғысымен және мүшелігі туралы Ережемен танысуды растау, онымен келісім және оны орындау міндеттемесі.

Өтінішке Кандидат мынадай құжаттарды ұсынады:
– заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
– Жарғының көшірмесі;
– Аккредиттеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
– ұйым сарапшылары туралы мәліметтер (аттестаттар мен сарапшылар дипломдарының көшірмелерін қоса бере отырып);
– наградалар туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәрежелері, сарапшылар мен мамандардың құрметті атақтары туралы мәліметтер;
– материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер;
– жобаларды сараптау сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер;
– нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттің болуы туралы мәліметтер;
– ұйымның бірінші басшысының жеке куәлігінің көшірмесі және ұялы телефон нөмірі.

«Сараптама ұйымдарының палатасы» аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігінің мүшелігі туралы ереже