2019 жылғы 11 сәуірде «Атамекен» ҚР ҰКП-да ҚР Қаржы министрлігі, ҚР ИДМ ТКШ және Құрылыс істері жөніндегі комитеті, құрылыстағы кәсіби бірлестіктер, Қазақстанның 14 аймағынан келген мердігерлік, жобалық және инжинирингтік компаниялары өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында бейнеконференция режимінде кеңес өтті. Кеңеске «Сараптамалық ұйымдар палатасы» АСҰКБ мамандары қатысты.
ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері өз презентациясында келесі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік органның ұсыныстарын көрсетті:
– Мемлекеттік сатып алуда алдын ала біліктілік іріктеуден өту кезіндегі қаржылық тұрақтылық. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, градациясы және артықшылықтары;
– Мемлекеттік сатып алудағы жұмыс тәжірибесін есептеу;
– төрт жыл ішінде үлкен көрсеткіш төленген салықтардың сомасы бойынша Мемлекеттік сатып алудың қатысушыны жеңімпазы деп тану;
– Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бизнес өкілдерінің бақылаушылар немесе Комиссия мүшелері ретінде қатысуы.
Осы ұсыныстарды қарау барысында кеңеске қатысушылар осы жылы енгізілген мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылады және конкурс жеңімпаздарын таңдаудың ашықтығы мен объективтілігін арттыру, мемлекеттік сатып алуды монополияландыру және құрылыс саласындағы демпинг мүмкіндіктерін болдырмау бойынша өз ұсыныстарын енгізді.
Мемлекеттік органның тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамадағы барлық жаңалықтар мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, әлеуетті өнім берушілерді таңдау кезінде сыбайлас жемқорлық құрамдастары мен адам факторларын және олардың қаржылық тұрақтылығын болдырмауға бағытталған.